Алматыда жекеменшік дүкен өртеніп, от ортасында қалып кеткен сегіз адам құтқарылды

23 ақпанда Түрксіб ауданында Баймағамбетов көшесінің бойында жеке тұрғын үйдің аумағында азық-түлік дүкені өртеніп, от үйдің шатырына тараған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сол аумақтағы уақытша баспана (времянка) өрт ортасында қалып кетіп, ондағы адамдар қауіпсіз жерге өз бетімен шыға алмаған.
"Өрт сөндірушілер 8 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды. Өрт 80 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Бұған дейін Астанада балалар театрында өрт болып, үш адам зардап шеккені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript