Маңғыстау облысында бір отбасының үш адамы үйінен өлі табылды

Пеш, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, үш адам, қаза тапты, иіс тию, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 21:57 Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында бір отбасыдан үш адам көз жұмды. Қаза тапқан үшеудің екеуі - жасөспірім, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada жергілікті басылымы өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, қайғылы оқиға 23 ақпанда "Қаламқас" тұрғын алабында болғанын жазады. Бір отбасының төрт мүшесі көміртегі тотығымен уланған. Үшеуі оқиға орнында жан тапсырған, олардың екеуі - жасөспірімдер. Тек бір адам аман қалды. Ол ауыр жағдайда аймақтық көпсалалы ауруханасына жатқызылды.

Мұнайлы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі қаза тапқандардың отбасына қаржылай көмек көрсетілгенін хабарлады.

Алдын ала нұсқа бойынша, үйдегі от жағатын пештің мұржасы болмаған. Осыған байланысты улы газ сыртқа шықпай, үй ішіне тарауы ықтимал. 

Айта кетсек, 2024 жылдың күзінде Қостанай облысында да осындай қайғылы жағдай болған. Ол кезде бір үйдің үш баласы мен олардың атасы иіс тиіп, көз жұмған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: