Орны толмас қаза: Қырғызстанда бір отбасының алты баласы суға батып кетті
Сурет: pixabay
Қырғызстанның Шу облысының Жайыл ауданында көлік өзенге құлап, бір отбасының алты кәмелетке толмаған баласы көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
24.kg мәліметінше, Volkswagen Jetta жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жолдан шығып, өзенге құлаған.
Көлікте барлығы 11 адам болды, оның ішінде 8 бала.
Суға батып бара жатқан көліктен үш ересек адам (жүргізуші және екі әйел) мен екі бала шыға алған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші мас болған.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов 18 маусымда өткен Үкімет отырысында Қазақстанда шомылу маусымы басталғаннан бері қанша адам суға батып кеткенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript