Семейде үлкендері кіші оқушыға зәбір көрсеткен мектептің директоры жұмыстан босатылды

Семейде үлкен сынып оқушылары бастауыш сынып оқушысын ұрған № 9 мектеп директоры жұмыстан босатылды. Бұл оқиға 2025 жылдың 24 ақпанында жария болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі аталған оқиғаға байланысты білім беру мекемелерінің басшылық құрамына тәрбие жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады:
"Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен мектеп психологтарына тәртіптік жаза қолданылды. Семей қаласының №15 мектеп директоры, Ш. Уәлиханов атындағы "Жас Ұлан" арнайы ерлер мектеп-лицейі интернатының директоры сөгіс алды".
Семей қаласының №9 мектеп директоры қызметінен босатылды, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс берілді.
Айта кетсек, 2025 жылдың 24 ақпанында әлеуметтік желіде Семейдегі жасөспірімдердің өздерінен төмен сыныпта оқитындарды қалай ұрып-соғып, қорлайтынын сипаттаған видео пайда болды.
25 ақпанда Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Абай облысының әкімі Берік Уәлимен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелерін және Семейде жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмысты талқылағанын айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript