Семейде соққыға жығылған оқушы баланың денсаулығына қатысты тың мәлімет жарияланды

Дәрігер, оқушы бала, соққыға жығылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 21:39 Сурет: Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Дәрігерлер Семейде жасөспірімдер жабыла ұрып-соққан бастауыш сынып оқушысының денсаулық жағдайына қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2013 жылы туған ұл бала 2025 жылғы 23 ақпанда қабылдау бөлімінде тексерілді. Балаға дер кезінде медициналық және психологиялық көмек көрсетілді:

"Қажетті тексерулер жүргізілді. Диагноз: жабық бас-ми жарақаты (ЖБМЖ). Бастың шашты бөлігінде, шүйде аймағындағы гематома. Төменгі аяқ-қолдарда көптеген теріасты гематомалары. Бала жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық, бірақ психоэмоционалдық күйі мен диагнозына байланысты бақылауды қажет етеді".

Дәрігерлердің айтуынша, балаға қажетті диагностикалық тексерулер жүргізілді, оның қорытындылары бойынша өмірге қауіп төндіретін себептер анықталған жоқ.

Пациент тіркелген емдеу орны бойынша толық медициналық және психологиялық көмек алды. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің – педиатрдың, травматологтың және невропатологтың динамикалық бақылауында.

Айта кетсек, 2025 жылдың 24 ақпанында әлеуметтік желіде Семейдегі жасөспірімдердің өздерінен төмен сыныпта оқитындарды қалай ұрып-соғып, қорлайтынын сипаттаған видео пайда болды.

25 ақпанда Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Абай облысының әкімі Берік Уәлимен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелерін және Семейде жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмысты талқылағанын айтты.

Ал бүгін соққыға жығылған Семейдегі №9 мектептің директоры жұмысынан босатылғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: