Пойыздың астына түсіп, екі аяғынан айрылған қазақстандық тірі қалды

КТЖ, Казахстанские железные дороги, поезд, поезда, вагон, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, расписание поездов, пассажиры, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2025 14:32 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы теміржол станциясында ер адам пойыздың астына түскен. Желідегі ақпарға сүйенсек, ол екі аяғынан бірдей айрылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі оқиға 2025 жылдың 28 ақпанында болғанын айтты.

Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, "адам денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан теміржол көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды",- деп мәлімдеді ведомство.

Өз кезегінде "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ маңызды мәлімдеме жасады.

Ведомство теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Тек 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында теміржолда 10 адамды қағып кеткен, олардың төртеуі мас болған.

Ал, 2024 жылы 75 адам пойыздың астына түскен.

Оқиғалардың негізгі себептері:

  • Теміржол жолдары арқылы өту ережелерін бұзу;
  • ішімдікке мас болу;
  • құлаққапты пайдалану;
  • суицид жағдайлары.

Бұл ретте, жаяу жүргіншілер келесі ережелерді қатаң сақтауы керек:

  • жолдарда тек арнайы жабдықталған орындардан өту;
  • өте мұқият болу;
  • жолдардың жанында құлаққапты пайдаланбаңыз және гаджеттерге алаңдамаңыз.
"Қауіпсіздік ережелерін сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі",-деді "Қазақстан темір жолы"ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Бұған дейін редакция Орал қаласында 2025 жылдың 4 ақпанында ер адам пойыздың астына түсіп, алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болғанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: