Алматылық экс-шенеуніктің 21 млн теңгеге мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айрылды

Алматылық экс-шенеуніктің 21 млн теңгеге мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айрылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 11:02 Сурет: Алматы тұрғын үй саясаты басқармасы
Алматы қаласы Медеу аудандық соты қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Кажиннің үкімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратынша, ол аула аумақтарын санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға жәрдемдесу сылтауымен 19,5 млн теңге сомасында жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды.

"Кажинге мемлекеттік қызметте және мемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы үкіммен мемлекет кірісіне айналатын жалпы сомасы 21 млн теңгеден астам екі автокөлік құралы түрінде мүлкі тәркіленді",- делінген ақпаратта.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін ҰҚК-ның екі қазақстандықтың ұсталғаны жайлы мәлімдегені хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: