ІІМ қаруды қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты тәркілеу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда

ІІМ қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты тәркілеу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда  , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 16:39 Сурет: ҚР ІІМ
Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты табу және тәркілеу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бірнеше облыстың аумағында қару жасырылған төрт орынды тапты. Олардың үшеуінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілер анықталды.

Жаркент қаласының маңында қараусыз қалған ғимаратта Remington 11-87 маркалы тегіс ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді (қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған).

Жамбыл облысы Бірлесу ауылының шетінде қару жасырылған жер табылды, онда Benelli моделінің тегіс ұңғылы мылтығы (қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған), қос ұңғылы аңшы мылтығы, қол гранатасы және төрт патрон тәркіленді.

Сонымен қатар Жаңатас қаласының жанында тегіс екі ұңғылы мылтық, газ тапаншасы және үш оқ-дәрі жасырылған орын анықталды. Алматы облысындағы кенттердің бірінде арықтан әртүрлі калибрлі екі аңшы мылтығы (олардың бірі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған), жарық-шу гранатасы, АК-74 магазині, жеті патрон және қара тактикалық бетперде табылды.

Нөмірлер жойылған қару-жарақ пен оқ-дәрілерге қатысты қосымша тексерулер жүргізіледі. Ведомство осы бағыттағы жұмысты жүйелітүрде жалғастыруда.

Соңғы үш жылда жедел іс-шаралардың, тінту мен рейдтердің арқасында түрлі 8 119 қару, 845 граната, 114 мыңнан астам оқ-дәрі табылып, тәркіленді. Сондай-ақ қару жасырылған 738 орын табылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: