Қазақстандық жігіт анасын ұрып-соғып, бас бостандығынан айырылды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, правонарушитель, правонарушители, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2025 13:25 Фото: pexels
Талдықорған қаласы сотының үкімімен 33 жастағы қала тұрғыны өз анасына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша 10 күнге қамауға алынды.

Оның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің (Ұрып-соғу) 109-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес сараланды.

Жәбірленуші сотта отбасылық жанжал кезінде ұлының оны бірнеше рет ұрғанын айтты.

Айта кету керек, Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер мен толықтыруларға сәйкес бұл бап әкімшілік құқық бұзушылықтар санатынан қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына ауыстырылып, жазаны қатайтуға мүмкіндік берді.

Статистикаға сәйкес, тек 2024 жылы ҚР ҚК-нің 109-1-бабына сәйкес 161 адам, ал 2025 жылдың өткен мерзімінде 31 адам жауапқа тартылған.

Облыс прокуратурасы азаматтарды, егер сіз немесе сіздің таныстарыңыз осындай жағдайға тап болса, немқұрайлы қарамай, полицияға міндетті түрде хабарлауға шақырады.

Құқықтық тәртіп органдары зардап шеккендерге көмек көрсетуге және заң аясында қорғау шараларын қабылдауға дайын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: