Павлодарда үстелді уақытылы жинамаған баланы өгей әкесі соққыға жыққан

Домашнее насилие, бытовое насилие, жертва насилия, насилие над женщинами, физическое насилие , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2025 14:43 Фото: pexels
Павлодарлық полицейлер бесінші сынып оқушысын ұрып-соғу фактісін тергеп жатыр. Күдікті ретінде баланың өгей әкесі танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, 4 наурызда өгей әкесі кәмелетке толмаған өгей баласын үстелді жинамағаны үшін ұрған.

Бастапқыда заңды өкіл өтініштен бас тартты.

Сондай-ақ, өтініштен бас тартқан ананың тәртібі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады.

Балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенева болған оқиға жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.

Ол өгей әке бірге тұрған бес жылда алғаш рет осындай қадамға барғанын жазды.

"Соған қарамастан, балалардың анасы онымен ажырасу туралы шешім қабылдады, өйткені ол үшін баладан маңызды ешкім жоқ".

Бұл ретте, анасы жұмыс істейді, ішімдік тұтынбайды. Әйел тұрғылықты жері бойынша да, балалардың оқу орны бойынша да оң сипат алған.

"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты 30 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымы шығарылды, сондай-ақ ҚР ҚК 109-1-бабы (ұрып-соғу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың әл-ауқаты қанағаттанарлық, бірақ офтальмологтың тексеруі қажет", – деп толықтырды Сәуле Шакенева.

Бұған дейін Астанада мектептің жанында жүк көлігі оқушыны қағып өлтіргені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: