Алматыда мемлекеттік кәсіпорын басшыларының 449 миллион теңгені ұрлауына байланысты тұрғын үй тәркіленді

Дом, жилье, квартира, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда, аренда квартиры, аренда дома, аренда жилья, съемное жилье, съемная квартира, съемный дом, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2025 13:50 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті "Еңбек" РММ филиалының бұрынғы басшыларына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 19 наурызында ҚМА берген ақпаратқа сай, 2021-2023 жылдары РММ және оның аймақтық филиалы "бір көзден сатып алу" әдісімен киім және аяқ киім өндірісіне арналған былғары және трикотаж шикізатын жеткізуге 23 келісім-шарт жасаған.

Алайда, тауарлар жеткізілмеген, 449 млн теңге бюджет қаражаты ұрланған.

Қылмыстық кірісті заңдастыру мақсатында күдіктілер заңмен белгіленген ақшаны қолма-қол айналдыру шегін айналып өтіп, кәсіби ақша жылыстатушының қызметін пайдаланған.

Ол ақшаны бөліп, өзінің бақылауындағы 4 жеке кәсіпкердің атынан киім және аяқ киім тігуге арналған тауар жеткізу туралы жалған келісімдер жасаған.

Аталған келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 122 млн теңге қаражат қолма қол ақшаға айналған.

Қылмыстық табыстарға Алматы қаласынан жеке үй мен "BMW X6" автокөлігі сатып алынған, оларды ықтимал тәркілеуден жасыру үшін сенімді тұлғаларға ресімдеген.

Аталған мүлікке соттың санкциясымен тыйым салынды.

Күдіктілер 2 айға қамауға алынды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: