Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жемқор шенеуніктердің тізілімі қалай жұмыс істейтінін түсіндірді

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2025 14:07 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 20 наурызда Сенатта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктердің тізілімі қалай жұмыс істейтіні туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол мұндай тізілімді енгізу жоспарда бар екенін еске салды. Оған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандар және заңды күшіне енген сот үкімі немесе прокуратура бекіткен өзге де шешім болған жағдайда ғана кіретін болады.


"Бұл тек жоспарда бар. Ол заңнамамен реттелуі керек, қазір бұл заң Мәжілісте қаралып жатыр, сондықтан оның барлық осы процедуралардан – Мәжіліс, Сенат және оған қол қойылғаннан кейін қалай өтетіні ескерілетін болады", – деді Дархан Құрақбаев.

Ол сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеунікті соттылығы жойылғаннан кейін тіркеуден шығаруға болатынын айтты.

Мәжілісте талқыланып жатқан "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы" заң жобасында жемқорлыққа жол берген шенеуніктердің тізілімін құру туралы норма енгізілгені бұған дейін хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: