Алматы тауларында жарылыстар жүргізілді

21 наурызда Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы тауларында құтқарушылардың жарылыстар жүргізген сәтінің видеосымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы тауларында қар көшкіні қаупін азайту үшін қолдан жарылыстар жүргізілуде. ТЖМ мамандары қар көшкінінің алдын алу және адамдарды қауіпсіздігі үшін қар массаларын жасанды жолмен түсіруді бастайды", делінген хабарламада.
Бұған дейін Катонқарағай ауданында қар көшкініне жол бермеу үшін төтеншеліктер тау беткейлерінен қар массасын түсіріп, Бұқтырма өзенінде мұздарды бұзған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript