Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі, Қазақстан, Қырғызстан, 24 наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2025 17:48 Сурет: Indiana university
Сейсмологтар Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 2025 жылы 24 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 11:17-де болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 207 шақырым жерде болған.

Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілмеді.

Бұған дейін мамандар 2025 жылы 19 наурызда Алматыдан 300 шақырым жерден жер сілкінісін тіркеген болатын. Оның ошағы Қытай аумағында орналасқан. 12 наурызда таңертең Қазақстанның оңтүстігінде екі ауданда жер сілкінісі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: