Әрінов Қарағанды облысындағы "Саран" шахтасына түсіп, кеншілермен жүздесті

Шыңғыс Әрінов, жұмыс сапары, Қарағанды облысы, Qarmet, Саран шахтасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2025 11:57 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов "Qarmet" АҚ-тың көмір және болат департаменттеріне қарасты нысандарды аралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында ведомство басшысы компания шахталарында енгізілген позициялау жүйесімен танысты. Бұл заманауи технологиялық шешімдер кеншілердің нақты уақыт режимінде орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету үшін аса маңызды.

Шыңғыс Әрінов "Саран" шахтасына түсіп, 540 метрлік горизонтта орналасқан көмір қазу комбайнының жұмысын көріп, кеншілердің еңбек жағдайымен танысты.

Министр ерекше назарды Көмір департаментінің диспетчерлік-аналитикалық орталығының жұмысына аударды. Бұл жерде шахталардың жағдайы тәулік бойы бақыланып, өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінің сақталуы тексеріледі және төтенше жағдайлар кезінде жедел басқару жүзеге асырылады.

Жұмыс сапарының жалғасында Шыңғыс Әрінов "Qarmet" АҚ Болат департаментіне қарасты ыстық мырыштау және алюминийлеу цехының жұмысымен танысты. Сонымен қатар министр өндірістік процестер мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қарап шықты.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көмір өндіру саласындағы кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау және ел бойынша өндірістік нысандардың жағдайын жүйелі түрде бақылау жұмыстарын жалғастырып келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: