Павлодар облысында үйінде 20 келі марихуана сақтаған тұрғын ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2025 11:39 Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында өз үйінің қорасында марихуана сақтаған тұрғын ұсталды.

Ертіс ауданының полиция қызметкерлері 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өз үйінің қорасында 20 килограмнан астам марихуананы заңсыз сақтағаны үшін күдікке ілінді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында азаматтың есірткі құралдарын аса ірі көлемде сақтауға қатысы бары анықталды.

Тәртіп сақшылары жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан қораның жертөлесін тінту кезінде қарасора иісі аңқыған өсімдік массасы салынған бес қап пен бір чемоданды тәркіледі.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің есірткі, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын өткізу мақсатсыз заңсыз сақтау бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің бұл көлемдегі есірткі заттарын қандай мақсатта сақтағанын анықтау үстінде. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: