Жанармай құю бекетінде мотоциклшіге жасалған шабуыл: күдікті ұсталып, жәбірленуші күзетке алынды

ҚР Ішкі істер министрлігі жанармай құю бекетінде мотоцикл жүргізушісіне шабуыл жасау фактісі бойынша істің барысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство Жамбыл облысының Меркі ауданында жанармай құю бекетінде суық қаруды қолдану арқылы жасалған шабуыл фактісі бойынша ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатқандығын атап өтті.
"Күдікті ізін суытпай ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша (пышақпен жасалған бұзақылық) 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін қылмыстық іс қозғалды.Қылмыстық іс Жамбыл облысы ПД Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды, жедел-тергеу тобы құрылды",- делінген полиция ақпаратында.
Жедел-тергеу тобының жұмысын үйлестіру үшін аймаққа ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жіберілді.
"Күдіктінің іс-әрекетін қайта саралау туралы мәселе тергеу әрекеттерінің нәтижесі және қадағалау органының келісімі бойынша қаралатын болады.Сонымен қатар адвокаттың өтініші бойынша жәбірленушіге полиция қызметкерлері қатарынан күзет қамтамасыз етілді".Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Тергеу барысы ҚР Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында.
Бұған дейін зардап шегуші тараптың адвокаты Закир Асадов күдіктінің туыстары мотоциклшіге қысым көрсетіп, арыздан бас тартуды талап еткенін айтқан болатын. Олар оны Меркедегі ауруханадан, артынша жәбірленуші ауыстырылған Алматыдағы ауруханадан да тауып алған. Сонымен қатар, адвокат бұл істі кісі өлтіруге оқталу бабымен қайта қозғау керек екенін алға тартып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript