Қазақстанның Украинадағы жаңа елшісі тағайындалды

Подписание законов, назначения, Акорда, резиденция Президента РК  , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2025 12:38 Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Украинаға Қазақстанның жаңа елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, Дархан Кәлетаевтің орнын басқан жаңа елші – Төлежан Барлыбаев.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Төлежан Барлыбаев – 1970 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Мәскеуде Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін тәмамдаған.

Еңбек өтілімі:

  • ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінің қызметкері (1993-2007);
  • ҚР Украинадағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы (1994-1997);
  • ҚР СІМ Сыртқы саяси іс-шараларды ақпараттық талдау және жоспарлау басқармасының бірінші хатшысы (1997-1998);
  • ҚР Украинадағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі (1998-2002);
  • ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің жалпы саяси мәселелер бөлімінің бастығы, ҚР Сыртқы Істер Министрі Хатшылығының талдау бөлімінің бастығы (2002-2003);
  • ҚР СІМ Халықаралық-құқықтық департаменті халықаралық шарттар басқармасының бастығы (2003);
  • Польша Республикасындағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі (2003-2007);
  • ҚР Президенті Әкімшілігінің ЗТБ бас инспекторы (2007-2008);
  • ҚР Президенті Әкімшілігінің ЗТБ меңгерушісі (2008-2009);
  • ҚР Президенті Әкімшілігінің ОӘО меңгерушісінің орынбасары (2009-2012);
  • Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2012-2017);
  • Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (05.2017-30.03.2022);
  • Қазақстан Республикасының Босния мен Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (04.05.2018-30.03.2022);
  • Қазақстан Республикасының Словакиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (30.03.2022-15.11.2024)

Бұған дейін Дархан Кәлетаевтің Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: