Мұсаев Қазақстанның Андоррадағы Елшісі болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Данат Мұсаев Қазақстанның Андоррадағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, - делінген Ақорда таратқан ресми ақпаратта.
Данат Мұсаев 1979 жылы 12 қарашада Алматыда дүниеге келген.
2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2004 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
Еңбек өтілі:
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы (2000 ж.);
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы (2004 ж.);
- Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің үшінші хатшысы (2004-2006);
- Қазақстанның Испаниядағы Елшілігінің екінші, Үшінші хатшысы (2006-2009);
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің бірінші хатшысы (2009-2011);
- "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі (2011-2012);
- Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының Сыртқы байланыстар және бизнесті дамыту департаментінің директоры (2012-2014);
- Қазақстанның Испаниядағы Елшілігінің кеңесшісі (2014-2015);
- Барселонадағы Қазақстан Республикасының консулдығының басшысы (2015-2019);
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД Еуропалық ТМД елдері бөлімінің бастығы (2019-2020);
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2020-11.01.2023);
- Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі (11.01.2023 ж. бастап)
- Бұған дейін Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Австриядағы Елшісі болып тағайындалған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript