Жаңалықтар тізбегі
0

Франциядағы ҚР елшісі болып Гүлсара Арыстанқұлова тағайындалды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2022 10:19 Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Гүлсара Арыстанқұлова Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Бұл лауазымды қызметке Гүлсара Арыстанқұлова тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, делінген ҚР Президентінің жарлығында.

Гүлсара Арыстанқұлова 1971 жылы 15 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

  • Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Страсбург қаласының Гуманитарлық ғылымдар университетін және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

  • Халықаралық қатынастар саласындағы доктор.

  • Француз және ағылшын тілдерін меңгерген. ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Еңбек өтілі:

  • Дипломатиялық қызметін 1998 жылы Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің атташесі ретінде бастады. ҚР СІМ Орталық аппаратында ТМД істері жөніндегі комитеттің екінші, бірінші хатшысы, Халықаралық ақпарат комитетінің басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

  • 2003-2007 жылдары Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде екінші, одан кейін бірінші хатшы болып жұмыс істеді.

  • 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында консультант, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді және Қазақстанның Франциядағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: