"Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ": Тоқаев жастарға үндеу жасады

Президент 2025 жылғы 21 сәуірдегі "Таза Қазақстан" экологиялық фестивалінде сөйлеген сөзінде жастар ұсынған жобалармен танысқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы әр бастамадан туған елге, табиғатқа деген қамқорлық байқалатынына назар аударды.
Бұл ретте, президент Дана Есенғали мен Камила Қышқашбаеваның жобаларына тоқталып, бұдан қазақ жастарының жасампаз болмысы көрінетінін, ел мен жерге шынайы жанашырлығы білінетінін мәлім етті.
Сонымен қатар Қазақстанның болашағы осындай санасы сергек, ойы ұшқыр жастардың қолында екенін баса айтты.
"Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы. Соңғы жылдары елімізде көптеген маңызды өзгеріс болды. Әділетті мемлекет болу үшін біз заң мен тәртіпке бағынатын қоғам құрып жатырмыз. Сондай-ақ ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, өскелең ұрпақ үшін, яғни, сіздер үшін жасалуда. Қазақ жастарының болашағы – жарқын, жолы – ашық. Мен сіздерге сенемін, зор үміт артамын! Отаншыл, білімпаз, еңбекқор болыңыздар деп тілеймін. Сонда Қазақстанымыз да Әділетті, Таза, Қауіпсіз және Өркендеген озық ел болмақ. Бәріңізге сәттілік тілеймін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" экологиялық фестивалінде сөз сөйлегендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript