Атыраулық оқушы Тоқаевқа жейде мен шопер сыйға тартты

Атыраулық оқушы Тоқаевқа жейде мен шопер сыйға тартты , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 14:38 Сурет: akorda.kz
Президент 2025 жылғы 21 сәуірде "Таза Қазақстан" экофестиваліне арналған көрмені тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, мұнда қоқыс өңдеу, өндірістік кәсіпорындар жобалары, табиғат тазалығы бойынша стартаптар, мектеп оқушыларының экологиялық бастамалары, сонымен қатар балалардың қоршаған орта тақырыбына арналған шығармашылық жұмыстары қойылған.

Сурет: akorda.kz

Бұл ретте, атыраулық оқушы Аружан Ғалымжан Президентке суды үнемдеуге үндейтін суреттерін көрсетті

Белгілі болғандай, "Таза Қазақстан" бастамасы бойынша ұйымдастырылған шығармашылық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам оқушы қатысқан болатын.

"Мемлекет басшысына байқау жеңімпазының суреті салынған жейде мен шопер сыйға тартылды. Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың жұмыстарына жоғары баға берді",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Астанадағы саябақтардың біріне ағаш еккендігі жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: