Мемлекет басшысы Астанадағы саябақтардың біріне ағаш екті
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 21 сәуірде Астанадағы "Жастар" саябағында ағаш екті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда мәліметіне сүйенсек, ағаш егу "Таза Қазақстан" экологиялық фестивалі аясында жүзеге асты.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы "Жастар" саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті",- делінген ақпаратта.

Сурет: akorda.kz
Бұл ретте, "Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні" акциясы аясында еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егілгендігі атап өтілді.
Бұған дейін президент жарлығымен Моңғолияға, Шри-Ланкаға және Дания Корольдігіне жаңа елшілер тағайындалғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript