Тоқаев Моңғолияға, Шри-Ланкаға және Дания Корольдігіне жаңа елшілерді тағайындады

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 09:04 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Моңғолияға, Шри-Ланкаға және Дания Корольдігіне жаңа елшілер тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда дерегіне сүйенсек, Мемлекет басшысының жарлығымен Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті бұған дейін Ғабит Қойшыбаев атқарған болатын.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Сергей Александрович Викторов тағайындалды.

Бұл ретте, Швециядағы елші енді Даниядағы елшілікті де қатар алып жүретіндігі белгілі болды.

"Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қазақстанға ресми сапармен Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонидің келетіндігі жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: