Қазақстанға Джорджа Мелони келеді

26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда мәліметіне сүйенсек, келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды.
27 сәуір күні Астанада «Орталық Азия – Италия» форматындағы тұңғыш саммит өтеді.
Бұған дейін 19 сәуірде Мемлекет басшысы Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript