Мелони Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты

Джорджа Мелони Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2023 09:01 Сурет: Twitter.com/GiorgiaMeloni/
Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бүгін мен Қазақстан Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлестім. Рим мен Астана арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейі әңгіме болды. Болашақта да осы қатынас нығайып, ортақ жоспарларымыз жүзеге асады деген сенімдемін. Президент Тоқаев итальяндық тарапқа Эмилия-Романьядағы су тасқынынан зардап шеккендерге байланысты көңіл айтты. Қолдауыңыз үшін ризашылығымды білдіремін, - деп жазды Джорджа Мелони Twitter парақшасында.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті. Тоқаев Эмилия-Романья аймағындағы жойқын су тасқыны салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты бүкіл Италия халқына көңіл айтты.

Италиядағы су тасқыны салдарынан 300-ден астам көшкін түсіп, 500-ден астам жол жабылды. Өңірлерде халыққа көмек көрсету үшін 1200-ге жуық ерікті жұмыс істеп жатыр, 36 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: