Президент Қазақстан атынан тәжік халқына автобус сыйға тартты

автобус, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2023 00:00 Сурет: akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атынан тәжік халқына автобус сыйға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық павильон экспозицияларымен танысу барысында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға Қазақстанның атынан отандық QazTechna компаниясы құрастырған мектеп оқушыларына арналған автобус және VibroLUNG медициналық жабдығының 3 жиынтығын сыйға тартты.

Ақорданың баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан атынан тәжік халқына сыйға тартқан оқушылар автобусының фотосын жариялады.

Сурет: Zakon.kz

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы "ЭКСПО Орталық Азия – 2023" көрмесін аралап көргенін жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: