Атырауда университет жатақханасының ғимараты опырылып түсті

22 сәуір таңғы сағат 06:00 шамасында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 жатақханасы ғимаратының ортаңғы бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысы бойынша ӨКҚ мәліметіне сүйенсек, зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелген жоқ.
"Студенттер даңғылы,29 мекенжайында орналасқан ғимарат 1972 жылы салынған. 2022 жылдың қараша айында университеттің шаруашылық бөлімі бірінші қабаттың қабырғасынан ақау анықтап, бұл жөнінде тиісті органдарға хабарлаған. Артынша Атырау облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары ғимаратқа техникалық зерттеу жүргізіп, оны апатты әрі тұруға қауіпті деп таныды. Осыған байланысты 2023 жылғы 1 ақпаннан бері бұл жатақханада ешкім тұрмайды",- делінген ақпаратта.

Сурет: Telegram/guwonline
Қазір Атырау облысының Құрылыс басқармасы университетпен бірлесіп, апатты қос жатақхананы бұзып, орнына 900 адамға арналған заманауи жаңа жатақхана салуды қолға алды.
Бұған дейін Ақтаудағы жағалауда итбалықтардың өлекселері шашылып жатқандығы жайлы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript