Ормандағы партизандықтан астық даласына дейін: Ақмолалық 98 жастағы ардагердің өмір жолы

Ормандағы партизандықтан астық даласына дейін: Ақмолалық 98 жастағы ардагердің өмір жолы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2025 16:59 Сурет: Zakon.kz/Карина Негметова
Ақмола облысында Ұлы Отан соғысынан тек үш қана ардагер қалды. Соның бірі Макинск қаласының тумасы Иосиф Комин. Оның отбасы жас батырдың 14 жасында Беларусь ормандарындағы партизан қозғалысына қосылып, кейін жеңістен соң Қазақстаннан бақытын тапқан әкесінің тарихымен бөлісті.

Иосиф Комин 1927 жылы Беларусьтің Бильдюги ауылында дүниеге келген. Ардагердің қызы Раиса Петровскаяның айтуынша, әкесі соғыс жылдары тек төрт сынып бітірген. Небәрі 14 жасында ол партизан қатарында Беларусь ормандарындағы шайқасқа аттанған.

"Әкем соғыс басталғанда әлі жасөспірім еді. Ол анасымен бірге Беларусьте тұрған. Үлкен ағасы майданда қаза тапқан. 1941 жылы немістер елдің батыс бөлігін басып алған кезде, әкем мен оның анасы тек бір сиырды алып, партизанға – "Жуков атындағы бригадаға" қосылды. Фашистер балаларға көп мән бермейтін, сондықтан әкемді жиі барлауға жіберген. Міне, оның партизандық өмірі осылай өтті", – деп еске алады Раиса Петровская.

Сурет: Zakon.kz/Карина Негметова

17 жасында жас партизан Қызыл армия қатарына шақырылып, онда жеті жыл қызмет етті. Жеңіс күнін ол өзінің әскери қызметі жылдары тойлады.

"1944 жылы Беларусь азат етілгеннен кейін оны әскерге шақырып, Вологда қаласына жіберді. Онда оны сапер ретінде бекітті. Әкемнің айтуынша, бірде бір бомба жарылып, жарақат алған... Жеңіс туралы хабарды ол әскери қызметте жүргенде естіді. Ол әлі күнге ол күнді көзіне жас алып еске алады",- деді ардагердің қызы.

Қызметін аяқтаған соң, Иосиф Комин Калининградтағы вагон жасау зауытында жұмыс істей бастаған. Сонда ол болашақ жарын кездестіріп, 1954 жылы отбасы мен бірге Қазақстанның целиналық жерлерін игеруге аттанды.

"Калининградта үлкен ұлы дүниеге келді. Кейін Макин ауданының Вознесенка ауылына көшіп келдік. Соғыстан кейін әкем 34 жыл бойы астық дайындау жүйесінде – элеваторларда жұмыс істеді. Комбайншы, инженер, шебер, механик және машинист болып қызмет етті. Күні-түні еңбек етті, ешқашан бос отырмайтын", – деп еске алды Раиса Петровская.

Сурет: Zakon.kz/Карина Негметова

Жақындары ардагердің өмір бойы үй шаруашылығымен айналысқанын айтып отыр. Оның жалғыз ниеті – отбасының ешқандай мұқтаждық көрмеуі. Аштыққа толы балалықтың кермек дәмі батырдың әлі есінде көрінеді – тіпті күні бүгінге дейін олардың сиыры қайда екенін сұрайды...

Денсаулығына байланысты Иосиф Иванович жақсы естімейді және сөйлей алмайды, бірақ соған қарамастан ол өз өсиетін жас ұрпаққа жеткізді.

"Бүгінгі жастар тамаша өмір сүруде – аяқ киімдері бар, киімдері бар, бәріне жеткілікті. Барлық жағдайлар бар. Тек оқып, еңбек ету керек," – дейді ардагер.

Ерлігі мен өз ісіне адалдығы үшін Иосиф Комин Отан соғысы II дәрежелі орденімен, Беларусьті азат еткені үшін медальмен, Жуков медалімен, "Еңбек ардагері" медалімен, сондай-ақ 8 мерейтойлық медальмен марапатталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: