Жамбылдағы ауруханада 758 млн теңгеден астам бюджет қаражаты қолды болды

Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, Тараз қалалық соты Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С. Шаушенова мен бас бухгалтер А. Достаеваға қатысты үкім шығарды.
Олар "Қайрат Құрылыс-ҚК" ЖШС аффилирленген кәсіпорнына жалған құжаттар бойынша заңсыз аудару жолымен 758 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар, бас дәрігердің орынбасары қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша сотталды.
"Сот үкімімен Шаушенова 9 жылға, Достаева 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.Сонымен қатар, сотталғандар қаржылық қызметке байланысты лауазымдарды 10 жыл мерзімге атқару құқығынан айырылады",- деп мәлімдеді Антикор.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Қостанайда ер адамның көліктің ішінде өртеніп кеткендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript