Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы ауруханалардың бірінде 758 миллион теңгенің ұрлығы ашылды

«Антикор» ұйымының ресми өкілі Арман Тілеукенов 24 қаңтарда өткен апталық брифингте Жамбыл облысындағы қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары мен бұрынғы бас есепшісіне қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2024 13:36 Сурет: primeminister.kz
"Антикор" ұйымының ресми өкілі Арман Тілеукенов 24 қаңтарда өткен апталық брифингте Жамбыл облысындағы қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары мен бұрынғы бас есепшісіне қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Арман Тілеукеновтың сөзінше Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша "Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қалалық көпбейінді ауруханасы" ШЖҚ МКК лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Залал сомасы 758 млн теңгеден асады.

Соттың санкциясымен күдіктілер, аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: