Энергетика министрлігінің басшысы Атырауда NCOC қызметкерінің айуандықпен өлтірілуіне қатысты пікір білдірді

2025 жылдың 30 сәуірінде ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжіліс алаңында Атырауда NCOC мұнай-газ компаниясының қызметкері Бибігүл Шпанованың өлтірілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ерлан Ақкенженов бұл туралы Telegram арнасынан білгенін атап өтті.
"Министр ретінде марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Мен оны жеке білмедім", – деп қосты ол.
Оның айтуынша, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
"Кінәлілер табылып, тиісті жазасын алатынына сенімдімін. Бұдан әрі түсініктеме бере алмаймын – бұл тергеудің құзырында. Бұл оның кәсіби қызметіне қатысты ма, әлде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары ма – айта алмаймын. Тергеу нақты жауап береді деп сенемін", – деп түйіндеді Энергетика министрлігінің басшысы.
29 сәуірде Атыраудағы "Француз кварталы" тұрғын үй кешенінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар 46 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Дереккөздердің хабарлауынша, әйелді пышақтап өлтірген, содан кейін оның пәтерінен бағалы заттары ұрланған. Кейін 37 жастағы ер адамның оқиға орнында ұсталғаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript