Талдықорғандағы алапат өрт сөндірілді

2025 жылдың 30 сәуірінде Жетісу облысы орталығы - Талдықорғанда қаласында пластикті кәдеге жарату цехы өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өртті сөндіруге шамамен 4 сағат кетті: ТЖМ 30 сәуірде сағат 21: 20-да өртті толықтай сөндіргендерін хабарлады. Өрт туралы алғашқы хабарлама сағат 17:41-де пайда болды .
"Өрт 1500 шаршы метр алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Өртке оранған цех қаланың Шығыс өнеркәсіп аймағында орналасқан. Өрт орнында жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript