Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінді

Қазақстанның сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы 4 мамырда тіркелген жер сілкінісіне қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, сейсмикалық станциялар желісі 4 мамырда сағат 11:45-те Астана уақытымен жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің координаттары: 41.670 С. Е.82.310 ш. б. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 477 шақырымда Қытай территориясында орналасқан", делінген хабарламада.
Сейсмологтар жер сілкінісі тербелісіне қатысты ақпарат ұсынбады.
Айта кетсек, 2025 жылдың 4 мамырына қараған түні Индонезияда қатты жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 6,0 балл болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript