Алматыда жер сілкінді

2024 жылы 19 мамырда ҚР Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы Алматыдан оңтүстік-шығыс бағытта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жер сілкінісі Астана бойынша сағат 05:45-те болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым қашықтықтағы Қытай территориясында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5.
Магнитудасы - MPV 5.0.
Тереңдігі - 5 км.
ҚР аумағында сезілетіндігі туралы мәліметтер түскен жоқ.
Айта кетсек, Алматыда 2024 жылдың 4 наурызында қатты жер сілкінісі болды. Сейсмологтардың мәліметінше, жер асты дүмпулерінің күші 5 балды құрады. Алматыда тағы бір осындай күшті жер сілкінісі 23 қаңтарға қараған түні болған еді. Ол кезде де 5 балдық жер сілкінісі болған. Қаңтар айындағы қатты жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығыс бағытта - 250-270 шақырым қашықтықта болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript