Бартоғай су қоймасы бөгетінде жарық пайда болды: әкімдік желідегі сыбысты жоққа шығарды

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі Бартоғай су қоймасындағы жағдайға қатысты Алматы облысының тұрғындарына жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Бартоғай су қоймасы бөгеттерінде жарық пайда болғандығы, соған байланысты жергілікті аумақты су басу қаупі бары туралы ақпарат тараған. Жергілікті билік бұл қауесетті жоққа шығарды. Әкімдік ақпараттың расталмағанын және жергілікті халық үшін ешқандай қауіп жоғын айтады.
"Қауіптің алдын алу мақсатында "Қазгипроводхоз" институтының мамандары бөгеттің құрылымын қосымша тексеріп жатыр. Оқиға орнында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, аудан әкімдігінің және Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының мамандары кезекшілік етуде", деп мәлімдеді Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі.
Сондай-ақ жергілікті жағдай толық бақылауда екенін, су деңгейіне және гидротехникалық құрылымның жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізіліп отырғанын да жеткізді.
"Жағдай тұрақты, барлық қызметтер штаттық режимде жұмыс істеуде", деп нақтылайды әкімдіктегілер.
Бұған дейін қатты нөсер жаңбырдан кейін Алматыда танымал демалыс орыны аумағына таудан тастар құлағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript