Теңізде жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі, Атырау, Теңіз, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2025 14:18 Сурет: Indian University
Атырау облысындағы Теңіз кен орыны қызметкерлеріне бес секундқа созылған жер асты тербелестері сезілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, жер сілкінісі туралы кен орыны қызметкерлері айтқан. Бұл факт АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметтерімен расталды:

"Атырауда 11 мамырда сағат 11:44-те 154 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды. ендік: +46°09 '51", бойлық: +53°21 '01". Магнитудасы - 4,2".

Жер сілкінісі, Атырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2025 14:18

Сурет: U.S.Geological Survey

Бұған дейін 2025 жылдың 10 мамырында кешке Алматы тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінгені хабарланған болатын. Оның ошағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында – Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырымда орналасқан. Алматы және Қарасай (Қаскелең) ауданының, сондай-ақ Қарғалы ауылының тұрғындары екі балдық жер сілкінісін сезінді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: