Таразда биік мұнараға шығып, айғайлаған ер адам құтқарылды
Сурет: Zakon.kz
17 мамырда кешке Тараз тұрғындары үрейлі оқиға куәсі болды. Ер адам телевизиялық мұнара басына шығып, айқайлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға сағат 21: 40-та қаланың 15 ықшам ауданында болған.
"Ер адам №60 үйдің артындағы мұнараға көтеріліп, секірмек болды. Оқиға орнына төрт құтқарушы мен техника жедел түрде аттанды", - деді Жамбыл өңірінің ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар альпинистік жабдықтар мен басқа да құрылғылардың көмегімен ер адамды жерге аман-есен түсіріп, оны 103 қызметі өкілдеріне тапсырды.
Үрейі ұшып, биіктегі адамның өміріне алаңдаған қала тұрғындары ол аман-есен жерге түсірілгенде ТЖД қызметкерлеріне қол шапалақтап, құрмет көрсетті.
Айта кетсек, Қостанайда полицей мен студент шалт әрекет етіп, өз-өзіне қол салған ер адамды аман алып қалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript