"Ақша да, шетел де жоқ". Алматыдағы оқу орталықтардың бірі түлектерді сан соқтырып кетті

 Студент, студенты, университет, университеты, вуз, вузы, абитуриент, абитуриенты, выпускник, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институт, институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2025 10:09 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақша да жоқ, шетел де жоқ! Әлемнің озық жеті университетіне оқуға түсіріп беремін дегендерге миллиондаған қаражат бергендер енді Алматыда жер сипап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК арнасының ақпаратына сүйенсек, бұл жолы да атышулы "Ғасыр" деген оқу орталығы. Тек оңтүстік астананың өзінде жұртқа уәдені үйіп‑төккен оларға мыңнан аса талапкер алданған. Ал қаражатты қалтаға басқандар ұшты-күйлі жоқ.

Дәл қазір бұл ғимаратқа кіру мүмкін емес. Өйткені оқу ордасының есігі тарс жабық, тіпті мөрленген. Дегенмен ата-аналардың айтуынша, орталық атын өзгертіп алып, әлі күнге дейін келуші талапкерлерді жинап жүргенге ұқсайды.

Сәбит Жаһангердің анасы ұлының Венгрияға оқуға барғанын қалап, "Ғасыр" деп аталатын осы орталыққа жүгінген. Мұндағылар жеті түрлі мемлекеттің жоғары оқу орнына түсу емтихандарына тіл бойынша дайындап, көмектесуге уәде еткен. Алайда талапкер екі ай қатысқаннан кейін ұстаздары орталықтан кетіп, мүлде сабақ болмаған. Оқу үшін бірден 1 миллион 400 мың теңгесін санап беріпті. Балалар ақырында екі ортада қалды деп алаңдап отыр.

"Наурыз айында үлкен бастық Якуб Халықбердиев деген кісі өзі келіп, ата-аналармен кездесіп, "барлығы жақсы, балаларыңыз грантқа түседі, еш мәселе жоқ, қиындық болмайды" деп сендіріп кетті. Не ақшамызды қайтарсын, не баламызды, шынымен де әде берген шетелге грантқа түсірсін. ҰБТ-ны түгел ысырып қойып, 11-сыныптағы балалар қазір не шетелге баратын жағдайы жоқ, не Қазақстанда болып жатқан Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алмайды",- деді ата-аналардың бірі.

"Жарқын жарнамаға сендік" дегендер жергілікті полицияға шағым түсірген. Ал олар арызға байланысты тергеу жүріп жатқанын айтты.

"Алматы департаментінің аудандық басқармаларға бір қатар азамат шағымданды. Арыздардың барлығы бір қылмыстық іске біріктіріліп, Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде аса ірі көлемде алаяқтық дерегі бойынша тергелуде". Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі

Бұған дейін Шымкентте жеке тұрғын үй аумағында улы жылан табылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: