Математика пәнінің мұғалімі бір килограм есірткімен ұсталды

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру иттің көмегімен Ақмола облысы Талапкер ауылы маңындағы автожолда өңіраралық курьерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жайлы бүгін, 2025 жылдың 22 мамырында ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
"Тексеру барысында ұсталған азаматтың Қостанай – Семей бағыты бойынша есірткі заттарын тасымалдағаны анықталды. Курьер бұрын математика пәнінің мұғалімі болған. Көлікті тексеру кезінде артқы орындықта тұрған рюкзактың ішінен синтетикалық есірткі "мефедрон" салынған пакет табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы бір килограмды құрады",- деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады.
Бұған дейін самокат тізгіндеген жастардың әйел адамды қағып кеткендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript