Тоқаев Грузия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы 2025 жылғы 26 мамырда Грузия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда мәліметіне сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай осы елдің Президенті Михаил Кавелашвилиге құттықтау жеделхатын жолдады.
"Қазақстан Президенті кейінгі жылдары Грузияның демократиялық институттарды нығайту, экономиканы жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын көтеру ісінде айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті",- делінген жазбада.
Сондай-ақ, Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Грузия халқына бақ-береке тіледі.
Бұған дейін президенттің бірқатар мемлекеттік наградаларды табыстағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript