Өскемендегі қатыгездікпен кісі өлтіру: үш күдікті ұсталды, тағы үшеуі іздестірілуде

Желіде Өскемен қаласында жастар арасындағы жанжал кісі өлтірумен аяқталғаны туралы ақпарат пайда болды. Ер адамды қатыгездікпен соққыға жыққаннан кейін, күдіктілер оның денесін аурухана маңына тастап кеткен. Оқиғаға полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, аталған дерек бойынша полиция кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
"Қылмысқа қатысы бар барлық тұлғалардың жеке басы анықталды. Жедел із кесу шараларының нәтижесінде үш ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағы үш күдіктіге іздеу жарияланды", – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептерін объективті анықтау мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны айтылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа мәліметтері ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
"Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті азаматтарды тек ресми әрі расталған ақпаратқа сенуге шақырады. Арандатуға ермеңіздер және жалған мәлімет таратпаңыздар", – делінген ШҚО ПД хабарламасында.
Бұған дейін Ақтауда тегін балмұздақ таратқан кәсіпкерге айыппұл салынғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript