Астроном аспандағы жарық беймәлім нысандардың не екенін айтты

Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларының тұрғындары түнгі аспанда ұшып бара жатқан (немесе құлаған) беймәлім нысандарды байқады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның ғарыштан түскен заттар болуы да мүмкін. Осы сипаттағы желідегі видеолар көпшіліктің қызығушылығын тудырып, әркімнің бұл реттегі пайымы сан-саққа жүгірді.
Zakon.kz редакциясы арнайы сауал жолдап, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институттың астрономы Светлана Мошкинаның пікіріне жүгінді.
"Видеода ғарыш аппаратының сатысы жанып жатыр. Яғни, зымыран атмосфераға енгенде, қолданылып болған сатылар (қанаттары) бөлшектеліп ыдырайды, бірақ барлық ыдыраған нысан бір траектория бойынша, бір жылдамдықпен қозғалады. Бұның алдында екі ай бұрын осыған ұқсас видео болды. Сол кезде де біз осылай ақпарат берген едік", - деп түсіндірді сарапшы.
Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі аспанда белгісіз нысандардың пайда болуына қатысты түсініктеме берген болатын. Құзырлы ведомство мәліметінше, әуе кеңістігін бұзу фактілері тіркелген жоқ
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript