Жер сілкінісі кезінде жасалатын қажетті 10 қарапайым қадам: ТЖМ тағы ескерту жасады

Жер сілкінісі, Алматы, 10 қарапайым қадам, ТЖМ, ескерту  , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2025 09:55 Сурет: Zakon.kz
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін республика тұрғындарын құлаққағыс етіп, өз кеңестерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, 2025 жылы 7 маусымда таңертең Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды.

Осыған байланысты ТЖМ ел азаматтарына жер сілкінісі кезінде алдын ала жасалатын қажетті 10 қарапайым қадамды еске салды:

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде жеделсаты мен баспалдақтарды қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);

  • көп қабатты үйлердегілер жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

6. Кетер алдында суды, газды, электр торабын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерінен , биік ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінісіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Айта кетсек, 2025 жылы 28 наурызда ТЖМ "дабыл чемоданын" алдын ала жинап қоюды ескерткен болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: