Степногорск тұрғынын әйелі шалған қоңырау аман алып қалды

Гараж, Ақмола облысы, Степногорск, ер адам, автокөлік, газ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 19:56 Сурет: pixabay
Ақмола облысында ер адам гаражда көлігінен шыққан түтінге уланып, жан тапсыра жаздады. Күйеуі қоңырауына жауап бермеген соң алаңдаулы әйел төтеншеліктерге хабарласқан. Оқиға орнына келген олар гараж есігін бұзып ашуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметтер жетті. Өрт сөндірушілер арнайы құралдардың көмегімен гараждың есігін ашты. Іштен дүрілдеп тұрған көліктің жанында ұйықтап жатқан ер адам табылды. Гараж ішін түгелдей дерлік түтін басып қалған", - дейді департаменттегілер.

Абырой болғанда, қайғылы жағдайдың алды алынды. Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп азаматты таза ауаға шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

Ақмола облысы ТЖД азаматтарды автокөлікті пайдаланған кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады, қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған көлікті жабық жерде қалдырмауды да ескертеді.

Бұған дейін ШҚО орманында адасқан зейнеткерді полицейлер мен құтқарушылар аман-есен тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: