19 жастағы қазақстандық қысқа мерзім ішінде миллионер атанды: жолы қандай

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 14:58 Фото: freepik
Алматы облысында полицейлер шамамен 250 млн теңге көлемінде залал келтірген ауқымды интернет-алаяқтық схемасын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы бүгін, 2025 жылғы 11 маусымда Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

"Ұйымдастырушы небәрі 19 жаста, Алматы облысының тұрғыны. Тергеу мәліметінше, ол қылмыстық схемаға 2023 жылдың қазан айынан бері қатысқан. Алдымен қарапайым дроп ретінде бастаса, 2024 жылдың маусымынан бастап дропперлерді басқаруға көшкен. 2025 жылдың қаңтарынан бастап куратор ретінде әрекет етіп, үш дропперді басқарып келген, – деп хабарлады полицияда.

Ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қаскөйлер 50-ден астам жалған тұлғаға рәсімделген банктік қосымшалары бар 30-дан астам мобильді құрылғыны пайдаланған. Сондай-ақ ноутбук, Ресей байланыс операторларына тиесілі 11 SIM-карта және шетелдік қаржы ұйымдарының банктік карталары тәркіленді.

Алдын ала есептеулер бойынша, куратор қылмыстық әрекет барысында шамамен 10 миллион теңге табыс тапқан, ал оның сыбайластарының әрқайсысы – 3 миллион теңгеден.

2025 жылдың қаңтарында қарапайым дроп ретінде жұмысын бастаған дропперлердің бірі кейін куратордың сенімді көмекшісіне айналған. Ол тек ақшаны шешіп қана қоймай, банк есепшоттары бұғатталған жағдайда басқа дроптарды банктерге ертіп барған. Қылмыстық схемаға қатысы бар барлық тұлға ұсталып, Алматы облыстық полиция департаментіне жеткізілді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

"Барлық қатысушы мен олардың әрекеттері нақты анықталғаннан кейін банктерге алаяқтық эпизодтарын тіркеу және келтірілген залал сомасын дәл анықтау үшін санкцияланған сұраулар жолданатын болады", – деп қорытындылады тәртіп сақшылары.

Бұған дейін трассада ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен есірткі курьері ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: