Қарағандылық тұрғын екі дәрігермен жанжалдасып, оларды соққыға жықты

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2025 09:28 Фото: Zakon.kz
Қарағанды облыстық балалар ауруханасында 38 жастағы облыс тұрғыны сөзге келіспеушілік барысында екі дәрігерге дене жарақатын салған. Бұл туралы ҚР ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, оқиға 12 маусым күні болған. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылуда."Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында заңсыз әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы қатаң түрде қамтамасыз етіледі. Әсіресе медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану әрекеті – қоғамдық тәртіптің өрескел бұзылуы ретінде бағаланып, жол берілмейтін жағдай болып табылады",- деп мәлімдеді ҚР ІІМ.

Бұған дейін Алматы прокурорлары таулы аймақтағы 54 миллиард теңгенің жерін қайтарғандығын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: