Павлодарда тұрғын үй ауласында ер адам баршаның көзінше әйелді соққыға жыққан

Ұру, Павлодар, аула, ер адам, әйел, соққыға жығу , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2025 19:56 Сурет: pexels
Алдын ала деректер бойынша, 20 шілдеде Малайсары батыр көшесінің ауласында жанжал салдарынан ер адам таныс әйелдің бетіне дене жарақатын салған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары ер адамның жеке басын анықтап, оны Павлодар полиция бөліміне жеткізді.

Полиция ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Сонымен қатар, Павлодар облысының полиция департаменті азаматтарды бей-жай қарамауға шақырады! Егер сіз немесе сіздің жақын адамыңыз зорлық-зомбылыққа тап болса, үнсіз қалмаңыз. Полициядан көмек алу үшін 102 арнаға немесе "Police 102" мобильді қосымшасына хабарласыңыз. Анонимділікке кепілдік беріледі. Есіңізде болсын, кейде бір ғана қоңырау өмірді сақтап қалуы мүмкін". Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Павлодарда көшеде әйел адам жасөспірім қызды соққыға жыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: