Астанада 10 жасар қыз қолын қамыр илейтін апартқа қыстырып алды

Астанада 10 жасар қыз бала абайсызда қолын тұрмыстық аппаратқа салып, қайтадан шығара алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, бүлдіршінге үйде болған ата-аналары көмектесе алмаған соң, олар құтқарушыларға хабарласқан.
Жедел келген құтқарушылар алдымен баланы және ата-аналарын тыныштандырып, содан кейін құтқарушылардың бірі баланың қолына мұз салып, оның көңілін басқа жаққа аударып тұрса, екіншісі сол кезде машинаны ішінара бөлшектеп, саусақтарын босатты.
"Қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне қажетті медициналық көмек көрсету үшін табысталды",- делінген ақпаратта.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бұған дейін Петропавлда өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 30 адам эвакуацияланғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript