Шымкентте 10 жасар бала субұрқаққа батып, қайтыс болды

Шымкентте 10 жасар бала субұрқаққа батып, қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2023 17:58 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Субұрқаққа шомылып жүрген 10 жасар бала абайсызда суға батып кетіп, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 шілде күні сағат 19:14 шамасында Қаратау АПБ 102 арнасына Әкімдік ғимаратының алдында кәмелет жасына толмаған баланың қайтыс болғаны туралы хабар түскен. 

"Оқиға орнына жедел тергеу тобының қызметкерлері барды. Белгілі болғандай, субұрқаққа шомылып жүрген 10 жасар бала абайсызда суға батып кетіп, мерт болғаны анықталды. Жасөспірімнің бойында ешқандай көзге көрінетін дене жарақаты жоқ", - делінген хабарламада.

Кәмелетке толмаған баланың өлімі жайтын полиция қызметкерлері Сотқа дейінгі тергеп-тексерулерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Барлық қажет сараптама тағайындалды. Олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: